Камару Усман: «Белалмен жекпе-жектің еш мәні қалмады»

Камару Усман: «Белалмен жекпе-жектің еш мәні қалмады»


Жартылай орта салмақта UFC-дің бұрынғы чемпионы Камару Усман Белал Мұхаммедпен жекпе-жекке шығуға деген қызығушылығын жоғалтқанын айтты, деп хабарлайды Prosports.kz vringe порталына сілтеме жасап.

MMA Fighting басылымына берген сұхбатында Усман бұл жекпе-жекке тек белдік үшін ғана қызыққанын түсіндірді.

«Ол кезде Белал чемпион еді, сондықтан мәні болды. Ашып айтайын – біз дос емеспіз. Бірақ жек көретін де ештеңем жоқ. Қазір оның маған не пайдасы бар?» – деді Усман.

Сондай-ақ, ол Колби Ковингтонмен болған кездесуінде шынайы қарсылық пен тарих болғанын еске алды.

«Колбимен нақты тартыс болды, бәсеке де мықты еді. Ал Белал – көптің бірі. Белдікті иеленген соң тым көп сөйлей бастады. Ол кезде сәл жүйкеге тиді, бірақ одан артық емес», – деді ол.

Айта кетейік, алдағы демалыс күндері Камару Усман 2023 жылдың қазан айынан бері алғаш рет октагонға оралады. Қарсыласы – Хоакин Бакли.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или