Қазақстандық файтер OCTAGON 74 турнирінде жекпе-жек өткізеді

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Рамазан Амангелді (3-1) OCTAGON 74 турнирінде жекпе-жек өткізеді, деп жазады Prosports.kz.
Қарсыласы өзбекстандық Фарход Кудратов (4-0) болады, ол кәсіпқойлар арасында жеңіліп көрмеген және OCTAGON 71 турнирінде өткізген кейінгі жекпе-жегінде тәжікстандық Ахрор Мирзарахимовты (3-1) жеңді.
21 маусымда өтетін турнирдің басты жекпе-жегінде жеңіл салмақта уақытша чемпиондық белбеу үшін қазақстандық Ерасыл Шұқатаев (12-4) пен оның жерлесі Асқар Жақсылықов кездеседі(6-2).
Турнирде қазақстандық файтер Константин Меркулов (5-4) пен ТМД-ға танымал ресейлік ММА және поп-ММА файтері, «Т-34» лақап аты бар Даниял Эльбаев (11-5) ауыр салмақта үміткер жекпе-жегін өткізеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или