Умар Нурмагомедовтың октагонға оралатын уақыты белгілі болды

Умар Нурмагомедовтың бапкері Хавьер Мендес ресейлік файтердің октагонға оралуына қатысты пікірін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz
Айта кетейік, Нурмагомедовтың кейінгі жекпе-жегі 2025 жылдың қаңтарында болды, ол жеңіл салмақта UFC чемпионы белбеуі үшін титулдық жекпе-жекте Мераб Двалишвилиден жеңіліп қалды. Грузин спортшысы төрешілер шешімімен жеңіске жетті.
«Умар өзін жақсы сезінеді. Ол жаттығып жатыр. Оны үш-төрт айдан кейін жекпе-жекке шығады деп ойламыз; бұл уақыт жеткілікті», - деп келтіреді Мендестің сөзін Red Corner MMA.
28 жастағы Умардың кәсіпқой мансабында 18 жеңіс пен бір ғана жеңіліс бар.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или