Ислам Сәтпаев нысана көздеуден Германиядағы Әлем кубогының кезеңінде үздік ондыққа енді

2024 жылғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Ислам Сәтпаев нысана көздеуден Мюнхенде (Германия) өтіп жатқан Әлем кубогының кезеңінде үздік ондыққа енді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сәтпаев 50 метр қашықтыққа шағын калибрлі мылтықпен үш қалыпта ату бойынша жарыстың финалына шықты.
Шешуші сайыста ол 419.1 ұпай жинады. Нәтижесінде Ислам алтыншы орынға тұрақтады.
Жарыс жеңімпазы - норвегиялық Джон-Херманн Эгг (464.1 ұпай).
Күміс жүлдені ресейлік Илья Марсов (462 ұпай), ал қола жүлдені чехиялық Жири Привацки (452 ұпай) иеленді.
Айта кетейік, осыдан бір күн бұрын 10 метрге пневматикалық тапаншамен ату сайысында Қазақстан атынан сынға түскен Валерий Рахымжан екінші орын алған болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или