Канадалық жүзгіш әлем рекордын жаңартты
Канадада өткен жарыста 18 жастағы жүзгіш Саммер Макинтош 400 метр еркін жүзу қашықтығында жаңа әлем рекордын орнатты. Бұл сайыс Сингапурда өтетін су спорты түрлері бойынша әлем чемпионатына іріктеу турнирі болды.
Макинтош мәреге 3 минут 54,18 секундта жетіп, алдыңғы рекордты бір секундтан аса уақытқа жаңартты. Бұрынғы нәтиже 3:55,38 секунд болатын және оны 2023 жылғы әлем чемпионатында австралиялық Ариарн Титмус орнатқан еді.
Канадалық спортшы – үш дүркін Олимпиада чемпионы және 2024 жылғы ойындардың күміс жүлдегері. Жас жүзгіштің бұл көрсеткіші оның әлемдік деңгейдегі үздік спортшылар қатарында нық орны бар екенін дәлелдеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или