OCTAGON 74 турнирінің қазақстандық мейн-ивенті жарияланды

OCTAGON 74 турнирінің қазақстандық мейн-ивенті жарияланды

Еуразиялық жекпе-жек лигасының баспасөз қызметі 21 маусымда Алматыда өтетін OCTAGON 74 турнирінің басты жекпе-жектерін ресми түрде жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Аса жеңіл салмақтағы уақытша чемпиондық белбеу үшін екі қазақстандық файтер Ерасыл Шукатаев (12-4) пен оның отандасы Аскар Жақсылықов (6-2) күш сынасады.

Ко-мейн ивентте ТМД кеңістігінде танымал, поп-ММА мен аралас жекпе-жектерде аты шыққан Даниял «Т-34» Эльбаев (11-5) пен қазақстандық Константин Меркулов (5-4) арасында жекпе-жек өтеді.

Басты кардта жеңіл салмақта жеңілмеген қазақстандық проспект Нұржігіт Баймен (8-0) тәжікстандық мықты файтер Амирхон Атахоновқа (7-4) қарсы тұрады.

OCTAGON 74 турниріне билеттерді zakazbiletov.kz сайтынан сатып алуға болады

Турнирдің бас серіктесі – UNDERDOG спорт агенттігі

OCTAGON лигасының бас серіктесі – 1XBEТ букмекерл3к компаниясы

OCTAGON 74 турнирінің ресми серіктесі – Gorilla Energy Drink

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или