Қазақстандық файтердің титулды жекпе-жегіндегі қарсыласы анықталды

Қазақстандық файтердің титулды жекпе-жегіндегі қарсыласы анықталды

NAIZA лигасының чемпионы Дастан Амангелді титулын қорғау үшін бразилиялық Матэус Мальтаға қарсы жекпе-жек өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Sport+ сайтына сілтеме жасап.

Бразилиялық файтердің рекорды — 11 жеңіс және 5 жеңіліс. Ол өз елінің ең мықты лигаларының бірі Shooto-да, сондай-ақ Еуропаның үздік лигаларының бірі саналатын Ares-те өнер көрсеткен.

Дастан бұл титулды 2023 жылы қазіргі UFC файтері Су Ёнды жеңу арқылы иеленген. Кейін 2024 жылы ресейлік Вячеслав Свищевқа қарсы жекпе-жекте сәтті қорғап шықты.

Амангельді мен Мальта арасындағы жекпе-жек 28 маусым күні Семей қаласында өтетін турнирде ұйымдастырылады. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или