Асхат Тағыберген Қазақстан құрамасы сапындағы соңғы ойынын өткізді

Жартылай қорғаушы Асхат Тағыберген футболдан Қазақстан құрамасы сапындағы соңғы ойынын өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Бұл жөнінде ол ұлттық құраманың 2026 жылғы әлем чемпионаты іріктеу кезеңіндегі Солтүстік Македониямен кездесуден кейін мәлім етті.
Аталған ойында қазақстандық футболшылар қарсыласына 0:1 есебімен жол берді.
Іріктеу кезеңінде ел құрамасы J тобында сынға түсіп жатыр. Қарсыластары — Бельгия, Солтүстік Македония, Уэльс, Лихтенштейн.
Қазірге дейін ел құрамасы Уэльске (1:3) жол беріп, Люксембургті (2:0) қапы қалдырған еді.
— Мен ұлттық құрама сапында 2014 жылдан бері ойын көрсетіп келемін. Сол уақыттан бері өз елімнің абыройын асқақтатуға барынша күш салдым. Жеңіс те, жеңіліс те кездесті. Капитандық міндетті атқардым. Бүгін ұлттық құрама сапында соңғы ойынымды өткізуге шешім қабылдадым. Орнымды жастарға беруді шештім, — деді ол.
Асхат Тағыберген 1990 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген. Қазірге дейін «Қайсар», «Ақтөбе», «Астана», «Тобыл», «Ордабасы» клубтарында доп тепті