Дмитрий Панарин келесі кезеңге өте алмады

Дмитрий Панарин келесі кезеңге өте алмады

Қазақстандық бадминтошы Дмитрий Панарин Аустрияның Граце қаласында өтіп жатқан халықаралық турнирде келесі кезеңге өте алмады, деп хабарлайды Sport12.kz.

Ол ерлер арасындағы жеке сында бақ сынап, 1/16 финал кезеңіне дейін жетті. Жарыстың 1/16 финалында отандасымыз Сингапур өкілі Маркус Лауға жол берді.

1/8 финалға жолдама алу үшін Панарин Сингапурлық Маркус Лауға қарсы ойнады. Бірінші партияда қарсылас 21:19 есебімен басым түсті. Екінші сетте қазақстандық спортшы қарымта қайтарып, тартысты ойында 23:21 есебімен жеңіске жетті. Алайда шешуші үшінші партияда жеңіс тағы да Лауға бұйырды - 21:19.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или