Абылайхан Жүсіпов Нидерландыдағы халықаралық турнирдің финалына шықты

Абылайхан Жүсіпов Нидерландыдағы халықаралық турнирдің финалына шықты

Қазақстандық боксшы Абылайхан Жүсіпов Эйндховенде (Нидерланды) өтіп жатқан Eindhoven Box Cup халықаралық турнирінің жартылай финалында жұдырықтасты, деп хабарлайды Prosports.kz.

70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жартылай финалда Жүсіпов бельгиялық боксшы Анас Каддуримен кездесті. Жекпе-жекте төрешілер шешімімен Қазақстан құрамасының көшбасшысы жеңіске жетті. Есеп 5:0.

Осылайша, Абылайхан турнирдің финалына шықты. Айта кетейік, Жүсіпов әлем чемпионатының үш дүркін қола жүлдегері және Азия чемпионатының күміс жүлдегері.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или