Қазақстандық боксшы халықаралық турнирдегі өнерін аяқтады

Қазақстандық боксшы халықаралық турнирдегі өнерін аяқтады

Қазақстандық боксшы Ертуған Зейнуллинов Эйндховенде (Нидерланды) Eindhoven Box Cup халықаралық турнирінде екінші жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

65 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жартылай финалда Зейнуллинов әзербайжандық Али Абдуллаевпен кездесіп, одан төрешілер шешімімен ұтылып қалды.

Осылайша, Али Абдуллаев турнирдің финалына шығып, алтын медаль үшін кездесу өткізеді, Ертуған қола жүлдегер ретінде өнерін аяқтады. Зейнуллинов 2024 жылғы Қазақстан чемпионы.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или