Ломаченко не үшін мансабын аяқтағаны белгілі болды

Ломаченко не үшін мансабын аяқтағаны белгілі болды


АҚШ промоутері Боб Арум украиналық Василий Ломаченконың мансабын аяқтауы туралы пікір білдірді. Ол атақты боксшының шешімін құрметпен қабылдағанын айтты.

«Ломаченко – нағыз спортшы. Ол кей мәселеде өте принципшіл. Өкінішке қарай, белі сыр берді. Бұл проблеманы түзеткісі келді, бірақ нәтижесі болмады. Сол үшін де ол мансабын аяқтауды жөн көрді. Себебі бұрынғыдай жұдырықтаса алмайтынын түсінді. Ал өз деңгейінен төмен өнер көрсету оған қызық емес», – деді Арум Fight Hub TV-ге берген сұхбатында.

Василий Ломаченко кәсіби бокста 21 жекпе-жек өткізіп, 18-інде жеңіске жеткен. Ол – екі дүркін Олимпиада чемпионы және әуесқойлар арасындағы әлемнің екі мәрте чемпионы.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или