Қазақстандық боксшы Нидерландтағы турнирде екінші жекпе-жегін өткізді

65 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін қазақстандық боксшы Ертуған Зейнуллинов Эйндховен (Нидерланд) қаласында өтіп жатқан халықаралық Eindhoven Box Cup турнирінде екінші жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қазақстандық спортшы екінші жекпе-жегінде даниялық Абу-Араб Абдаллахпен қолғап түйістірді. Бірінші раундтан кейін төреші кездесуді тоқтатып, қазақстандық боксшыны медициналық тексеріске жіберді. Дәрігер боксшыда жарақат анықтап, жекпе-жекті жалғастыруға рұқсат бермеді. Нәтижесінде, жеңіс бірінші раундтың қорытындысы бойынша Зейнуллиновқа берілді.
Еске салайық, турнирдегі алғашқы жекпе-жегінде Ертуған швециялық Хилал Салехті жеңген болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или