Қазақстандық боксшының жекпе-жегі күтпеген нәтижемен аяқталды

Қазақстандық боксшының жекпе-жегі күтпеген нәтижемен аяқталды

Қазақстандық боксшы Руслан Мадиев (17-2, 5 КО) Льорет-де-Мар қаласында (Испания) өткен бокс кешінде өнер көрсетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Мадиев мексикалық Хорхе Батала Мартинеспен (11-5, 7 КО) жұдырықтасты. Олардың жекпе-жегі жартылай орта салмақта өтіп, он раундқа жоспарланған болатын. Жекпе-жек жоспарланған 10 раундқа созылып, төрешілер шешімімен тең аяқталды.

Екі боксшы үшін де бұл олардың кәсіпқой мансабындағы алғашқы тең жекпе-жек болды. Айта кетейік, Руслан Мадиев жартылай орта салмақта WBA Asia чемпионы – ол кейінгі жекпе-жегінде филиппиндік боксшы Али Канеганы (11-2-1, 7 КО) жеңіп, титулға қол жеткізді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или