«Наполи» «Челси» шабуылшысын қатарына қоспақ

«Наполи» 23 жастағы «Челси» шабуылшысы Нони Мадуэкеге қызығушылық танытып отыр, деп хабарлайды Prosports.kz.
Napoli Network мәліметінше, италиялық клубтың спорт директоры Джованни Манна жақында Лондонға барып, ағылшын футболшысын сатып алу мүмкіндігін талқылаған. «Челси» Мадуэкені 50 миллион фунт стерлингке (€59,5 млн) сатуға дайын.
Өткен маусымда Нони Мадуэке барлық турнирде 41 матч өткізіп, 11 гол соғып, 5 нәтижелі пас берген. Оның «Челсимен» келісімшарты 2030 жылға есептелген. Transfermarkt порталының мәліметінше, ойыншының нарықтық құны — 40 миллион еуро.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или