Месси АҚШ-та тағы да үздік ойыншы атанды

Лионель Месси МЛС лигасының мамыр айындағы үздік ойыншысы атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Аргентиналық шабуылшы өткен айда «Интер Майами» сапында чемпионаттың жеті ойынына қатысып, 7 гол соғып, 4 нәтижелі пас берді.
Осылайша, 37 жастағы Месси бұл марапатқа үшінші рет ие болды. Бұған дейін ол 2024 жылдың сәуір және қазан айында үздік атанған еді.
Айта кетейік, 16 ойында 29 ұпай жинаған майамилік ұжым МЛС лигасының шығыс конференциясында үшінші орында келеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или