Жер шарындағы ең қымбат футболшы белгілі болды

Халықаралық спортты зерттеу орталығы (CIES) жер шарындағы ең қымбат футболшылардың рейтингін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бірінші орын испаниялық «Барселонаның» жартылай қорғаушысы Ламин Ямальға бұйырды. 17 жастағы жартылай қорғаушы 402,3 миллион еуроға бағаланған. Екінші орында ағылшындық «Манчестер Ситидің» шабуылшысы Эрлинг Холанд — 239,6 миллион еуро, үшінші орында — испаниялық «Реалдың» жартылай қорғаушысы Джуд Беллингем (233,8 миллион еуро).
4-10 орын алған ойыншылар:
4. Килиан Мбаппе («Реал», Испания) — 192,5 млн еуро;
5. Джамал Мусиала («Бавария», Германия) — 154,8 млн;
6. Педри («Барселона», Испания) — 143,7 млн;
7. Винисиус («Реал», Испания) — 130,4 млн;
8. Коул Палмер («Челси», Англия) — 126,5 млн;
9. Хулиан Альварес («Атлетико», Испания) — 126,0 млн;
10. Флориан Вирц («Байер», Германия) — 122,3 млн.