Қазақстан Еуропадағы үздік турнирге қатысатын боксшылардың тізімін жариялады

Эйндховенде (Нидерланды) өтетін беделді халықаралық Eindhoven Box Cup турниріне қатысатын Қазақстан құрамы белгілі болды, деп жазады Prosports.kz.
Турнир 6-9 маусым аралығында өтеді және оған 30-ға жуық елден 200-ден астам спортшы қатысады, оның ішінде көптеген Олимпиада қатысушылары, әлем чемпионаттарының жеңімпаздары мен жүлдегерлері бар.
ҚБФ хабарлауынша, Эйндховенге қазақстандық боксшылардың келесі құрамы барады:
50 кг: Даниял Сабит;
55 кг: Махмұд Сабырхан;
60 кг: Ерхан Тұрдан;
65 кг: Ертуған Зейнуллинов;
70 кг: Абылайхан Жүсіпов;
75 кг: Сабыржан Аққалыков;
80 кг: Ерасыл Жақпеков;
85 кг: Даулет Тілемісов;
90 кг: Сағындык Тоғамбай;
+90 кг: Нұрлан Сапарбай.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или