Лионель Месси «Интер Майамиден» кетуі мүмкін

«Алтын доптың» сегіз дүркін иегері Лионель Месси «Интер Майамиден» кетуі мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz сайты Championat.com-ға сілтеме жасап.
Журналист Флавио Аззароның айтуынша, «Барселонаның» бұрынғы шабуылшысы Аргентина чемпионатынан «Ньюэллс Олд Бойзға» ауысуды ұйғарды.
Дереккөздің хабарлауынша, трансфер 2025 жылдың желтоқсанында жүзеге асады. Бұған дейін Мессидің өзі футбол ойнап бастаған клубында мансабын аяқтағысы келетінін айтқан. Айта кетейік, Мадридтік «Реалдың» бұрынғы қақпашысы Кейлор Навас осы жылдың қаңтар айынан бастап клуб сапында өнер көрсетіп келеді.
Лионель Месси «Интер Майами» сапында 2023 жылдың жазынан бері ойнайды. Осы маусымда футболшы MLS-те 13 матчта 10 гол соғып, 5 нәтижелі пас берді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или