Спорттық құзға өрмелеуден Әлем кубогының кезеңі: Әмір Маймұратов үздік ондыққа енді
АҚШ-тың Денвер қаласында спорттық құзға өрмелеуден Әлем кубогының кезеңі аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҰОК-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жылдамдық санатында Қазақстан атынан сынға түскен Әмір Маймұратов үздік ондықтың қатарына еніп, жалпы есепте алтыншы орынды иеленді.
Сондай-ақ Бекнұр Алтынбеков те тоғызыншы нәтиже көрсетіп, үздік ондықтың қатарынан көрінді.
Аталған дисциплинада жеңісті индонезиялық Киромал Катибин жеңіп алды. Екінші орынға америкалық Зак Хаммер тұрақтаса, қола медальді Сэмюэль Ватсон (АҚШ) иеленді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или