ГЛАВНАЯ
Командалық
Волейболдан Орталық Азия Ұлттар лигасы: Қазақстан ерлер құрамасы жүлдеге бір қадам жетпей қалды
Волейболдан Орталық Азия Ұлттар лигасы: Қазақстан ерлер құрамасы жүлдеге бір қадам жетпей қалды

Волейболдан Қазақстан ерлер құрамасы Өзбекстанның Ферғана қаласында өткен Орталық Азия Ұлттар лигасында төртінші орынға ие болды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қола медаль үшін матчта Қазақстан құрамасы Пәкістанмен кездесіп, 1:3 есебімен қарсыластарына жол берді.
Осылайша, біздің команда жүлдеге бір қадам жетпей, турнирді медальсіз аяқтады.
Турнир финалында Үндістан мен Иран құрамалары алтын медальді сарапқа салады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или