«Астананың» бұрынғы бапкері ресейлік клубты жаттықтыратын болды

«Астананың» бұрынғы бапкері ресейлік клубты жаттықтыратын болды

Глеб Плотников «Химки» командасының бас бапкері атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Глеб Плотниковтың карьерасы мен «Химки» клубының тарихында жаңа кезең басталды. Үйіңізге қош келдіңіз, Глеб Геннадьевич», — делінген «Химки» хабарламасында.

33 жастағы маман — «Химки» клубының түлегі. 2010 жылдан 2013 жылға дейін жастар командасында ойнап, кейде негізгі құрамға шақырылып отырған. Жарақат салдарынан ерте аяқтаған ойыншы карьерасынан кейін ол бірден бапкерлікке бет бұрған.

Плотников бапкер ретінде «Сахалин», «Спартак-Приморье» және Ставропольдің «Динамо» клубтарында жұмыс істеді. 2021/22 маусымында Андрей Мальцевтің штабында қызмет етіп, туған клубы «Химкиге» оралды. Кейін «Астана» клубына шақырту алып, алдымен көмекші, ал 2024 жылы күзге қарай бас бапкер атанды.

Оның жетекшілігімен «Астана» Қазақстан чемпионатын жеңіп, бірқатар жарқын жетістікке қол жеткізді.


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или