Бундеслиганың ең үздік ойыншысы анықталды

Флориан Вирц футболшылар нұсқасы бойынша Бундеслиганың 2024/25 жылғы маусымында үздік ойыншы атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Kicker басылымы Германия чемпионатында өнер көрсететін 216 ойыншы арасында сауалнама жүргізді.
«Ең әсерлі алаң ойыншысы» номинациясын «Байер» жартылай қорғаушысы Флориан Вирц жеңіп алды. Оған 61 ойыншы дауыс берсе, «Бавария» футболшысы Майкл Олисе 57 дауысқа ие болды. Сонымен қатар үздік алты футболшы қатарына «Боруссиядан» Серу Гирасси, «Айнтрахттан» («Манчестер Ситиге» ауысқан) Омар Мармуш, «Бавариядан» Харри Кейн және «Штутгарт» сапынан Ник Вольтемаде енді.
Үздік қақпашы атағы «Майнц» голкипері Робин Центнерге бұйырды, ең нашар қақпашы болып «Бохумнан» Патрик Древес таңдалды.
«Фрайбург» жаттықтырушысы Юлиан Шустер үздік бапкер деп танылса, маусым ортасында «Боруссиядан» ұуылған Нури Шахин ең нашар бапкер атанды.