Ла Лигада маусымның үздік бапкері анықталды

Ханс-Дитер Флик Ла Лигада маусымның үздік бапкері атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Барселона» бас бапкері дауыс беру қорытындысы бойынша Пепе Бордалас («Хетафе»), Маноло Гонсалес («Эспаньол»), Мануэль Пеллегрини («Бетис»), Мичел Санчес («Жирона»), Эрнесто Вальверде («Атлетик») және Диего Симеонені («Атлетико») артта қалдырды.
Еске салайық, өткен маусымда Фликтің жетекшілігімен «Барселона» Ла Лигада чемпион атанып, 38 матчта 88 ұпай жинады. Айта кетейік, неміс маманы маусым барысында үш рет айдың үздік бапкері атанған.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или