«Әл-Наср» Криштиану Роналдумен жаңа келісімшартқа отыру үшін жағдай жасауда

«Әл-Наср» Криштиану Роналдумен жаңа келісімшартқа қол қою үшін қолдан келгеннің бәрін жасауда, деп хабарлайды Prosports.kz.
Саудиялық клуб үлкен үмітпен португалиялық футболшының келісімін алу үшін өзгерістер жасауға дайындалып жатыр, деп жазады белгілі футбол инсайдері Фабрицио Романо.
Жазғы трансфер кезеңіндегі қысқа тізімге: Луис Диас, Давид Ганцко, әлемдік деңгейдегі жартылай қорғаушы және өзге де есімдер тіркелді.
Әзірге португалдық шабуылшының болашағы белгісіз. Дегенмен, бір анығы, ол биыл болатын клубтар арасындағы әлем чемпионатына қатысады. Алдын ала болжам бойынша, Роналду бұл турнирде «Әл-Хилалдың» намысын қорғауы мүмкін.
40 жастағы футболшының шешім қабылдауына берілген уақыт тығыз. Сауд Арабиясында трансферлік кезең 2 маусымда ашылып, 10-на жабылады. Осы уақыт аралығында ол нақты таңдау жасауы тиіс.
Криштиану Роналду осы маусымда Саудия Про лигасында 25 гол соғып, қатарынан екінші маусым үздік сұрмерген болған еді.