Спорттық гимнастикадан Азия чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамы белгілі болды

5-8 маусым аралығында Оңтүстік Кореяның Чечхон қаласында спорттық гимнастикадан ерлер арасында Азия чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҰОК-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бұл құрлықтық біріншілікте еліміздің намысын ересектер және жасөспірімдер құрамалары қорғайды. Құрамға төмендегі гимнастар енді:
Ересектер:
- Милад Карими - еркін жаттығулар, қол тіреп секіру, кермедегі жаттығулар
- Ілияс Әзізов - жекелей көпсайыс
- Дмитрий Патанин - жекелей көпсайыс
- Нариман Курбанов - ат снарядындағы жаттығулар
- Әлішер Тойбазаров - жекелей көпсайыс
- Роман Маменов - жекелей көпсайыс
Жасөспірімдер:
- Нұртан Ыдырысов - жекелей көпсайыс
- Роман Хегай - жекелей көпсайыс
- Артём Ковалёв - жекелей көпсайыс
- Владислав Бабушкин - жекелей көпсайыс, еркін жаттығулар, ат снаряды, сақиналар және қоссырықтағы жаттығулар
- Андрей Терман - жекелей көпсайыс, қол тіреп секіру, кермедегі жаттығулар
- Өмірсерік Досжан - қосалқы спортшы, жекелей көпсайыс