Шавкат Рахмоновтың табысы белгілі болды

Шавкат Рахмоновтың табысы белгілі болды


UFC октагонында өнер көрсетіп жүрген Шавкат Рахмонов тек спорттық нәтиже жағынан емес, қаржылай тұрғыдан да биікке көтеріліп келеді. Ол әлемнің ең үздік лигасында 2020 жылдан бері 7 жекпе-жек өткізіп үлгерді.

Ең қомақты гонорарды Шавкат ирландиялық Иэн Гэрриге қарсы өткен соңғы жекпе-жегінде алды — 450 мың доллар.

Sportskeeda мәліметінше, 2023 жылы Рахмоновтың жалпы қаржылық капиталы 4 миллион долларға бағаланған. Бұл соманың ішінде UFC-дегі жалақы, бонустар және ақылы трансляциялардан түскен табыс бар.

Қазақ файтері жартылай орта салмақта белбеу жолындағы жорығын жалғастырып келеді. Оның табысы алдағы уақытта бұдан да арта түсері сөзсіз.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или