Қазақстан құрамасының хоккейшісі «Барыс» ойыншысы атануы мүмкін

Қазақстан құрамасының хоккейшісі «Барыс» ойыншысы атануы мүмкін

Астаналық «Барыс» қорғаушы Дмитрий Бреуспен келісімшарт жасасуды көздеп отыр, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Shaiba.kz сайтына сілтеме жасап.

21 жастағы хоккейші соңғы үш маусымды Ниний Новгородтың «Торпедо» жүйесінде өткізді. Оның клубпен келісімшарты 2026 жылдың 31 мамырына дейін есептелген.

Өткен маусымда Дмитрий Бреус ҚХЛ тұрақты чемпионатында 17 матч өткізіп, 2 (1+1) ұпай жинады.

Сонымен қатар, ЖХЛ тұрақты чемпионатында «Торпедо-Горький» сапында 32 ойында 4 (1+3) ұпайға ие болды. Плей-офф кезеңінде бес кездесуге қатысып, нәтижелі әрекеттерімен көзге түспеді.

Қазақстан құрамасы сапында да Бреус әлем чемпионатына қатысып, бес матчта бір нәтижелі пас берді.


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или