«Барыстың» бұрынғы хоккейшісі карьерасын ҚХЛ клубында жалғастырады

Шабуылшы Дмитрий Шевченко Ниний Новгородтың «Торпедо» клубына ауысады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі «Спорт-Экспресс» басылымына сілтеме жасап.
Соңғы екі маусымды форвард «Амур» сапында өткізді.
Осы маусымда шабуылшы тұрақты чемпионат аясында 29 матч өткізіп, 1 шайба салып, 4 нәтижелі пас берді.
Еске салайық, Дмитрий Шевченко 2017-2018 маусымынан 2020-2021 маусымына дейін және 2022-2023 маусымында «Барыс» сапында өнер көрсеткен.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или