Танымал қазақстандық спортшы ресейлік топ-файтермен кездеседі

Қазақстандық файтер Артем Резников келесі жекпе-жегін ACA турнирінде өткізеді. Оның қарсыласы жеңіл салмақтағы Ресейдің ең мықты өкілдерінің бірі Дауд Шайхаев болады. Бұл туралы лига вице-президенті Асланбек Бадаев мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Бұл қызық жекпе-жек болайын деп тұр, мұнда күрес басым болады деп ойлаймын. Артем үшін бұл ақпандағы Юсуф Раисовтан жеңілгеннен кейінгі үздіктер қатарында орнығу мүмкіндігі», – деді Бадаев.
Резников жеңіл салмақ дәрежесіне қайта оралады. Оның кәсіпқой карьерасында 25 жеңіс пен 9 жеңіліс бар. Ал Шайхаев 17 рет жеңіске жетіп, 5 рет жеңілген.
Турнир 28 маусым күні Сочидегі «Сириус» кешеніндегі «Большой» спорт сарайында өтеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или