Беларусь пен Қазақстан ойыны өтпей қалуы мүмкін

Беларусь пен Қазақстан ойыны өтпей қалуы мүмкін

Беларусь футболының басты аренасы саналатын Минскідегі «Динамо» стадионының шөбі сын көтермейді. Prosports.kz жазуынша, қазіргі таңда алаң жай-күйі көңіл көншітпейді.

Айта кетейік, дәл осы стадионда 5 маусым күні Беларусь пен Қазақстан ұлттық құрамаларының жолдастық кездесуі өтуі тиіс. Алайда мұндай жағдайда матчты өткізу мәселесі қайта қаралуы мүмкін.

Оның үстіне, алаң сапасының нашар болуына байланысты Беларусь чемпионатының 10-туры аясындағы «Динамо» – «Нафтан» ойыны «Трактор» стадионына ауыстырылған. Бұл келеңсіз жағдайға 24–25 мамыр күндері өткен «Сенің күнің» атты отбасылық фестиваль себеп болуы мүмкін деген болжам бар.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или