Қазақстандық футболшыға испаниялық клубтан ұсыныс түскен

Қазақстандық футболшыға испаниялық клубтан ұсыныс түскен

Қазақстан құрамасының шабуылшысы Ғалымжан Кенжебекті бүгін Конференция лигасының финалында ойнағалы жатқан «Бетис» клубы қатарына қосқысы келген, деп хабарлайды Prosports.kz

«Словакиядан дәл қазір ойнап жүрген «Кошице» ұсыныс тастады. Испаниядан да нұсқа болды: «Бетиспен» келісімшарт түзіп, бір маусымға Сегунданың (Испанияның екінші дивизионы) клубында жалға ойнау деген. Жазда қайтадан «Бетиске» оралып, оқу-жаттығу жиынына қатысасың деп айтты.

Испанияға екі гол соққаннан кейін «Бетис» секілді клуб ұсыныс жасайды деп ойламадым. Бұл нұсқа 50-де 50 болғандықтан, Словакияны таңдадық. Өйткені сол кезде трансфер кезеңі аяқталып жатты. Оның үстіне, мен Словакияны трамплин ретінде пайдалануды көздедім. Клубтың бапкері шақырып: «негізгі құрамда ойнайсың» деген соң, еш ойланбай осы нұсқаны таңдадым.

22 жастағы шабуылшы 2025 жылдың басынан бері «Кошицеде» доп тебуде. Словакиялық клуб сапында 10 матчқа қытысып, 1 гол мен 1 ассист жасады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или