Еркін күрестен төрт дүркін әлем чемпионы 72 жасында қайтыс болды

Еркін күрестен төрт дүркін әлем чемпионы 72 жасында қайтыс болды

Мәскеуде еркін күрестен төрт дүркін әлем чемпионы Салман Хасимиков қайтыс болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

ТАСС мәліметінше, бұрынғы балуан 72 жасында өмірден өтті. Оның қайтыс болғаны туралы жақындары хабарлаған. Олардың айтуынша, Хасимиков сәрсенбі, 28 мамыр күні таңертең көз жұмған.

Хасимиков – ауыр салмақта еркін күрестен КСРО-ның, Еуропа мен әлемнің бірнеше дүркін чемпионы, 1982 жылғы Әлем кубогының иегері, IWGP Халықаралық Гран-при чемпионы. КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері.


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или