«Қайрат» бапкеріне қатысты жаңалықпен бөлісті

«Қайрат» футбол клубы бас бапкерге қатысты бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған мәліметтің жалған екенін мәлім етті, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Қайрат» футбол клубы бас бапкерге қатысты бірқатар БАҚ жариялаған ақпараттың шындыққа сәйкес келмейтінін айтады. Рафаэль Уразбахтин өз қызметін жалғастыра береді. Клуб та оған толық сенім артады.
«Ақтөбе» ФК-ға қарсы матчқа дайындық жоспардағыдай жүріп жатыр. «Қайрат» бұқаралық ақпарат құралдарын тексерілмеген әрі күмәнді ақпаратты таратпауға шақырад», - делінген клубтың баспасөз қызметі жариялаған ресми хабарламада.
Алматылық клуб ел біріншілігінің соңғы екі турында жеңілістің ащы дәмін татты. Турнир кестесінде 23 ұпаймен екінші орында келеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или