ҚФФ мен ҚПЛ-дің жаңа ресми серіктесі белгілі болды

Қазақстан футбол федерациясы жанкүйерлерге арналған цифрлық жобаларды таныстырды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бүгіннен бастап Yandex Qazaqstan Қазақстан футбол федерациясының, Қазақстан Премьер-Лигасының және ұлттық құраманың ресми серіктесі атанды.
Енді жанкүйерлер «Кинопоиск» платформасынан Қазақстан Премьер-Лигасы мен Қазақстан Кубогының ойындарын тамашалай алады. Сондай-ақ әр турда ҚФФ мен «Кинопоиск» жанкүйерлерге арналған арнайы эксклюзивті опциялары бар ойын турын таңдайды. Бұл өз кезегінде қазақстандық футбол аудиториясын арттыруға мүмкіндік береді.
«Яндекс Іздеу» жүйесі арқылы ойын нәтижелерін, кесте, ойыншылар құрамы және өзге де маңызды ақпараттарды оңай бақылауға болады.
Бұдан бөлек, ҚФФ мен Yandex Qazaqstan қалалық сервистер арасында да бірлескен жобаларды жүзеге асыруды жоспарлап отыр. Бұл ретте стадиондарға арнайы көлік қою, жанкүйерлерге арналған инфрақұрылымды дамыту сынды мәселелер қарастырылып жатыр.