Ламин Ямаль Ла Лигада рекорд орнатты

«Барселонаның» 17 жасар вингері Ламин Ямаль бір маусымда 20 жасқа дейінгі ойыншылар арасында нәтижелі пас беру бойынша Ла Лигада жаңа рекорд орнатты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұл туралы Opta Sports порталы хабарлады.
Ресурстың статистикасы бойынша, бүкіл 21 ғасырда Испания чемпионатында 20 жасқа толмаған бірде-бір футболшы мұндай жоғары нәтиже көрсеткен емес.
Осы маусымда Ямаль Ла Лигада 35 матч өткізіп, 9 гол соғып, 15 нәтижелі пас берді. 2024/2025 жылғы маусымда ол «Барселона» сапында барлық турнирлерде 55 матчқа қатысып, 18 гол соғып, 25 нәтижелі пас берді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или