Стас Покатиловтың трансфері туралы ақпарат шықты

Стас Покатиловтың трансфері туралы ақпарат шықты

Журналист Ербол Қайыров Қазақстан құрамасының мен әзербайжандық «Сабах» қақпашысы Стас Покатиловтың жоспарлары туралы айтып берді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Стас Покатилов әлі болашағына қатысты шешім қабылдамады.

«Сабах» сапында ойнайтын Қазақстан құрамасының қақпашысы дәл қазіргі сәтте Әзірбайжан Кубогының финалына тыңғылықты дайындалуда.

32 жастағы голкипер арнамызға берген сұхбатында «Сабахтан» кетіп, Қазақстанға оралуы туралы БАҚ-та тараған ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.

«Дәл қазір менің бар назарым Кубок финалында және «Сабахтан» кететін ойым жоқ», - деді Стас.

«Қарабах» пен «Сабах» арасындағы шешуші матч 31 мамырда Сумгаит қаласында өтеді. Жартылай финалда Покатиловтың командасы «Нефтчиден» басым түсті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или