«Реалдың» жаңа бапкері трансферлер туралы мәлімдеме жасады

«Реалдың» жаңа бапкері трансферлер туралы мәлімдеме жасады

«Реал Мадридтің» жаңа бас бапкері Хаби Алонсо клуб басшылығымен жазғы трансферлік кезеңіндегі әрекеттері туралы айтып берді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Жаңа трансферлер? Біздің міндетіміз — ойынымыздың әр бөлігін жетілдіруге ұмтылу, құрамды жоспарлау тұрғысынан... Соңғы уақытта мен клубпен қарым-қатынас пен көзқарасты қалыптастыруға тырысып жүрмін, бәтуаластыққа жету үшін. Талаптармен келдім деп айта алмаймын, керісінше, команда ретінде жұмыс істеп, дамуға ұмтылғым келеді», — деді Алонсо Madrid Universal сайтына берген сұхбатында.

Алонсоның соңғы жұмыс орны — «Байер». Ол командағы 2022 жылдың қазан айынан бастап жаттықтырған. Оның жетекшілігімен леверкузен клубы Германия чемпионы атанып, Германия кубогы мен Суперкубогын жеңіп алған. «Байерге» дейін Хаби «Реал» жастар жүйесінде сәтті жұмыс істеген.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или