ҚПЛ клубына жаңа бас бапкер тағайындалды

ҚПЛ клубына жаңа бас бапкер тағайындалды

«Атырау» клубы бас бапкер қызметіне қазақстандық маман Денис Мамоновтың тағайындалғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Денис Мамонов – «Атырау» футбол клубының жаңа бас бапкері.

43 жастағы қазақстандық жаттықтырушы «Атырау» футбол клубының бас бапкері болып тағайындалды.

Павлодардың тумасы ойыншы (қорғаушы/жартылай қорғаушы) ретінде мансабын талдықорғандық «Жетісу», өскемендік «Восток», «Тараз» және петропавлдық «Есіл-Богатырь» клубтарында өткізді.Бапкер ретінде алматылық «Қайрат» құрылымында, талдықорғандық «Жетісу», “Мақтаарал» және павлодарлық «Ақсу» клубтарында қызмет атқарды.

Денис Николаевич қазіргі таңда 21 жасқа дейінгі Қазақстан жастар құрамасының аға бапкері. Маусым басында «Атырауға» қайта оралған Мамонов бас бапкер Константин Горовенконың көмекшісі болған еді.«Атырау» футбол клубы толыққанды бас бапкер лауазымын иеленген маманға жаңа қызмет тізгінінде тек сәттілік және жарқын жеңістер тілейді», - делінген клуб хабарламасында.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или