Беларусь құрамасы Қазақстанға қарсы матчқа шақырылған ойыншылар тізімін жариялады

Беларусь құрамасының бас бапкері Карлос Алос Қазақстан және Ресей құрамаларымен өтетін жолдастық кездесулерге шақырылған футболшылар тізімін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Беларусь футбол федерациясына сілтеме жасап.
Қақпашылар: Павел Павлюченко («МЛ Витебск», Беларусь), Сергей Игнатович («Жеңіс», Қазақстан), Федор Лапоухов (ЦСКА, Болгария).
Қорғаушылар: Александр Мартынович («Қайрат», Қазақстан), Сергей Политевич («Торпедо-БЕЛАЗ», Беларусь), Кирилл Печенин («Крылья Советов», Ресей), Сергей Карпович («Навбахор», Өзбекстан), Павел Забелин («Сокол», Ресей), Вадим Пигас, Павел Апетенок (екеуі де — «Динамо-Минск», Беларусь), Егор Пархоменко («Неман», Беларусь), Дмитрий Прищепа («Ротор», Ресей).
Жартылай қорғаушылар: Макс Эбонг («Астана», Қазақстан), Евгений Яблонский («Астерас», Грекия), Никита Корзун («Елімай», Қазақстан), Валерий Громыко («Қайрат», Қазақстан), Валерий Бочеров («Уфа», Ресей), Павел Седько («Торпедо-БЕЛАЗ», Беларусь), Максим Киреев («Льерс», Бельгия), Руслан Лисакович («МЛ Витебск», Беларусь).
Шабуылшылар: Виталий Лисакович («Балтика», Ресей), Евгений Шикавка (клубсыз), Трофим Мельниченко («Порту Б», Португалия), Евгений Малашевич («Динамо-Минск», Беларусь).
Жолдастық матчтар Беларусьтің Минск қаласында өтеді. 5 маусымда Беларусь «Динамо» Ұлттық Олимпиадалық стадионында Қазақстан құрамасымен, ал 10 маусымда Ұлттық футбол стадионында Ресей құрамасымен кездеседі. Екі ойын да Қазақстан уақытымен сағат 22:00-де басталады.