Қазақстан футбол федерациясы Атқарушы комитетінің жаңа құрамы белгілі болды

Қазақстан футбол федерациясы Атқарушы комитетінің жаңа құрамы белгілі болды

Бүгін, Астанада Қазақстан футбол федерациясының кезектен тыс XXVIII конференциясы өтті, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Конференцияны ҚФФ президенті Марат Омаров басқарды.

Қазақстан футбол федерациясы баспасөз қызметінің хабарлауынша, Конференция жұмысына өңірлік федерация делегаттары, УЕФА президентінің ұлттық қауымдастықтар жөніндегі кеңесшісі Йозеф Климент және ФИФА аймақтық үйлестірушісі Марко Ферри, Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің бас хатшысы Әлімжан Ақаев, ҚР Туризм және спорт министрлігіне қарасты Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Руслан Есеналин қатысты. 

Жиынның күн тәртібінде ҚФФ-ның ұйымдастырушы және жарғылық құрылымын жетілдіру мәселелері және Федерация Жарғысына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар қаралды. Сондай-ақ Конференция құрамынан кей мүшелер шығарылып, жаңа мүшелерді қабылдау мәселесі талқыланды.

ҚФФ Жарғысына сай Атқарушы комитет құрамына келесі кандидаттар сайланды:

Гаджиев Гаджи Шапиевич;

⁠Ерғалиев Әсет Арманұлы;

⁠Құрман Нұрсұлтан Амангелдіұлы;

⁠Ломтадзе Михаил Нугзарович;

⁠Масудов Вахид Юнусович;

Нуну Алешандре Паррейра де Каштру.

Осыған дейін хабарлағанымыздай, Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Әли Әлиев алдағы екі ойынға қатысатын ойыншылардың кеңейтілген тізімін жариялады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или