Америкалық журналист: Шавкат Рахмонов күзде октогонға шығады

Шавкат Рахмонов (19-0) келесі жекпе-жегін күзде өткізеді. Америкалық комментатор Джон Аниктің айтуынша, оның қарсыласы жартылай орта салмақтағы бұрынғы UFC чемпионы Белал Мухаммад (24-4) болады, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Шұғыл жаңалық: Белал мен Шавкат арасындағы жекпе-жек қазан айында өтеді», - деді Аник өзінің подкастында.
Еске салайық, Шавкат соңғы жекпе-жегін өткен жылдың желтоқсан айында өткізіп, ирландиялық Ян Гарриді (16-1) бірауыздан жеңген болатын.
Мұхаммед, өз кезегінде, жақында Джек Делла Маддаленадан (18-2) сенсациялық жеңіліске ұшырап, титулынан айырылды.
Бұл ретте Мұхаммед бұған дейін күзде октогонға оралатынын мәлім еткен еді.
Қазіргі уақытта UFC 13 қыркүйекке дейінгі турнирлерді ресми түрде жариялады. Дегенмен, дәстүрлі түрде қазан айында Абу-Дабиде нөмірлі турнир өтеді.