«Тобыл» қақпашысы: Ойынға қоятын мақсатымыз әрдайым біреу

Қостанайлық «Тобылдың» қақпашысы Сұлтан Бұсырманов Премьер-лигада «Тұранмен» өткен ойын - 2:1 туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Сары-жасылдар» қақпашысының матчтан кейінгі пікірі:
– Ойынға қоятын мақсатымыз әрдайым біреу – жеңіске жету. Құдайға шүкір, бүгін жеңіске жеттік, бәрі сәтті өтті. Алғашқы таймда гол соққанымыз өте маңызды болды, бұл бізге сенімділік сыйлады.
«Тұран» биыл керемет ойын көрсетіп жүр. Өте мықты команда, мінезді ойыншылар. Олар да біз сияқты әрдайым бір-бірі үшін жанын береді, қолдауға даяр. Кубок ойынынан кейін командатактикалық өзгерістер жасап, қорытынды шығарғаны байқалады.
Бүгін екі тарап та қауіпті сәтте жасаған, мүмкіндікке толы ойын болды.
Қостанайдағы жанкүйерлерімізді шын жүректенқұттықтағым келеді! Сіздердің қолдауларыңызбен біз алға жылжи береміз. Біз біргеміз!