АПЛ: 2024/25 жылғы маусымның үздік ойыншысы белгілі болды

Англия Премьер-лигасы 2024/25 жылғы маусымның үздік футболшысын жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұл «Ливерпуль» шабуылшысы Мохамед Салах болды. Мысырлық футболшы Англия чемпионатында 38 матчқа қатысып, 29 гол соғып, 18 нәтижелі пас берді. Салах екінші орындағы «Ньюкаслдың» шабуылшысы Александер Исактан алты гол озып, Премьер-Лиганың үздік бомбардирі атанды. «Манчестер Сити» шабуылшысы Эрлинг Холанд 22 голмен үшінші орынға тұрақтады.
Айта кетейік, биылғы маусымда «Ливерпуль» Англия чемпионы атанса, «Арсенал» екінші, «Манчестер Сити» үшінші орынды иеленді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или