«Урал» - «Ахмат»: Статистика. Коэффициенттер

Футболдан көрші Ресей чемпионаты өз мәресіне жетті. Тарихта тұңғыш рет «Краснодар» ел чемпионы атанды. Нұралы Әліп ойнайтын «Зенит» тақтан түсті. Ал, тағы бір қазақстандық футболшы Максим Самородов өнер көрсететін «Ахмат» чемпионатта қалу үшін екі матч өткізеді, деп жазады Prosports.kz.
Tennisi.kz букмекерлік компаниясы дәл қазір пайдаланушыларға негізгі шотқа 4000 теңге береді. Оны алу үшін Tennisi.kz сайтында немесе қосымшасында тіркеліп, тіркеу кезінде dop24 промокодын енгізіп, шотты 3 000 теңгеден басталатын сомаға толтырыңыз.
Соңғы, отызыншы турда «Ахмат» сырт алаңда «Зениттен» 0:3 есебімен жеңілді. Әліп матчты қосалқы құрамда өткізсе, Самородов бірінші таймнан кейін алаңнан кетті. Бас бапкер Сергей Ташуев қазақстандық шабуылшыны «Уралға» қарсы өтетін плей-офф матчтарына сақтаған секілді.
«Ахматтың» сенері Самородов екені жасырын емес. Жерлесіміз чемпионатта 24 матчта алты доп соғып, команданың сұрмергені атанды. Бірақ, грозныйлық клуб біріншілікте 25 ұпай жинап, 14-ші орынға тұрақтады.
Бірінші лигада төртінші орын алған «Урал» «Ахматпен» келер маусымда РПЛ-да өнер көрсетуі құқығы үшін таласады. Екатеренбург клубы Бірінші лигаға түсіп қалса, дереу жоғары лигаға оралатын команда. Қазақстандық шабуылшы өз командасында алты гол соқса, «Уралдың» хорват шабуылшысы Мартин Секулич қарсыластар қақпасына 14 доп тоғытқан.
Соңғы бес жеке матчта «Урал» бір ойында да жеңіске жетпеген екен. Төрт рет «Ахмат» жеңіске жетсе, бір ойын тең аяқталған.
Командалар екі ойын өткізеді. Алғашқы матч 28 мамыр күні Екатеренбург қаласында өтсе, қарымта матч үш күннен кейін Грозный қаласында өтеді. Екі матч қорытындысы бойынша жеңіске жеткен команда 2025/2026 маусымында РПЛ-да өнер көрсетсе, жеңілген команда Бірінші лигада ойнайды.
Tennisi.kz букмекерлік кеңсесі бұл матчқа келесі коэффициенттерді ұсынып отыр: «Уралдың» жеңісі — 2.88, тең ойын — 3.26, «Ахматтың» жеңісі — 2.50.
Матчтарға ең қызық бәстерді Tennisi.kz сайтынан немесе мобильді қосымшасынан таба аласыздар.