Елена Рыбакина WTA чемпиондық кестесінде үздік сегіздікке енді

Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) жекелей сында жаңартылған чемпиондық кестені жария етті.
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Страсбург WTA 500 турнирінде жеңімпаз атанғаннан кейін чемпиондық кестеде 13-тен бірден 8-орынға көтерілді. Чемпиондық кестеде Беларусь өкілі Арина Соболенко көш бастаса, биылғы Аустралия чемпионатының жеңімпазы, америкалық Мэдисон Киз екінші, ресейлік Мирра Андреева үшінші сатыда тұр.
WTA чемпиондық кестесі, 25 мамыр
1 (1). Арина Соболенко (Беларусь) — 5120 ұпай.
2 (2). Мэдисон Киз (АҚШ) — 3349.
3 (3). Мирра Андреева (Ресей) — 3055.
4 (4). Ига Швентек (Польша) — 2878.
5 (6). Кори Гауфф (АҚШ) — 2598.
6 (5). Джессика Пегула (АҚШ) — 2548.
7 (16). Жасмин Паолини (Италия) — 2230.
8 (13). Елена Рыбакина (Қазақстан) — 1950.
9 (8). Элина Свитолина (Украина) — 1751.
10 (9). Эмма Наварро (АҚШ) — 1650.
Жыл соңына қарай үздік сегіздікке кірген теннисшілер WTA қорытынды турниріне қатысады.
Елена Рыбакина сонымен қатар әлемдік рейтингіде 12-ден 11-орынға көтерілді.