Новак Джокович мансабындағы 100-титулды жеңіп алды

«Үлкен дулыға» турнирінің 24 дүркін чемпионы серб теннисшісі Новак Джокович мансабындағы 100-титулды жеңіп алды Oxu.az.
Женевада (Швейцария) сазды корттағы ATP-250 турнирінде ол финалда әлемнің 31-ракеткасы польшалық Хуберт Хуркачты 5:7, 7:6 (7:2), 7:6 (7:2) есебімен ұтты.
Женевадағы титул Джокович үшін осы маусымдағы бірінші титул болды. Өткен маусымда Париж Олимпиадасында жекелей сында алтын медаль жеңіп алды.
Келесі кезекте Новак Джокович Францияның ашық чемпионатында өнер көрсетеді. Ол жарыстың алғашқы турында америкалық Маккензи Макдональдпен ойнайды.
Дереккөз: inform.kz
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или