Максим Самородов «Ахматтың» РПЛ-да қалатынына сенімді

Максим Самородов «Ахматтың» РПЛ-да қалатынына сенімді

Қазақстан құрамасы мен «Ахмат» шабуылшысы Максим Самородов «Зениттен» 0:3 есебімен жеңілген матчтан кейін пікір білдіріп, клубтың маусымдағы жағдайына баға берді. Оның сөзін «Советский спорт» басылымы келтірген.

«Петербургке ұшу кезінде бәрі қалыпты еді, кейін біз қаланың үстінен айналып ұшып жүргенімізді, содан соң Мәскеуге бет алғанымызды айтты. Бірақ бұл ойынға еш әсер етпеді. Біз – кәсіби футболшылармыз, кез келген жағдайға дайын болуымыз керек», – деді Самородов.

Ол сондай-ақ «Ахматтың» жеңіс үшін келгенін, бірақ ойлағаны болмағанын айтты. «Кім чемпион болатыны біз үшін маңызды болмады. Біз тек өз жағдайымызды ойладық. Енді алда плей-офф кездесулер бар. Команданың Премьер-лигадағы орнын сақтап қалатынына сенемін», – деді шабуылшы.

Айта кетейік, грозныйлық клуб маусым қорытындысы бойынша 14-орын алды. Плей-оффтағы қарсылас РФС лицензия беру рәсімінен кейін анықталады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или