Роналду клубтық әлем чемпионаты үшін «Әл-Насрмен» қош айтысуы мүмкін

Атақты португалиялық шабуылшы Криштиану Роналду Марокконың «Видад» клубына ауысуы мүмкін. Бұл команда 2025 жылғы клубтық әлем чемпионатына қатысады.
«Видад» сапына жаңадан қосылған Нордин Амрабаттың айтуынша, клуб президенті бұл трансферге шын ниетті және Роналдумен келіссөз жүргізуді жалғастырып жатыр.
Криштианудың қазіргі «Әл-Насрмен» келісімшарты 30 маусымда аяқталады. Алайда клубтық әлем чемпионаты 13 маусымда басталады. Соған байланысты португалиялық ойыншы келісімшартты мерзімінен бұрын бұзу туралы келіссөзге келуі мүмкін. Егер олай болса, Сауд Арабиясының Про-лигасындағы «Аль-Фатехқа» қарсы ойын оның бұл командадағы соңғы матчы болуы ықтимал.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или