«Арсенал» әйелдер Лигасында тағы да топ жарды

Португалияның Лиссабон қаласында әйелдер арасындағы Чемпиондар лигасының финалы өтті. Шешуші ойында ағылшындық «Арсенал» мен испандық «Барселона» алаңға шықты.
Тартысты өткен матч 1:0 есебімен Лондон клубының пайдасына шешілді. Жеңіс голын 75-минутта швед шабуылшысы Стина Блакстениус соқты.
Бұл – «Арсеналдың» әйелдер Лигасындағы екінші жеңісі. Команда 2007 жылдан кейін алғаш рет чемпион атанып отыр. Айта кетейік, клуб финалда әлі күнге дейін жеңіліп көрмеген.
Ал «Барселона» әйелдер Лигасының финалына алтыншы мәрте қатысып отыр. Қазір олардың еншісінде үш жеңіс пен үш жеңіліс бар.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или